Ректораттың кезекті отырысында бес мәселе қаралды.
Университет оқытушыларының 2018-2019 оқу жылының екінші жартысына арналған оқу жүктемесін орындауы туралы оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н. Сәдірбекова хабарлады.
Жоғары колледж оқытушылары мен білімгерлерінің мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруы, өткізуі туралы колледж директоры С. Өтепов ақпарат берді.
Сондай-ақ, университет қабылдау комиссиясының жұмысы, оқу орны түлектерін еңбекпен қамту, әскери кафедраға талапкерлерді қабылдау және өзге де мәселелер талқыланды.
Баспасөз қызметі