05.03.2020 ШҚМУ-да семейлік студенттерге арналған дөңгелек үстел өтті Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен биология және география мамандықтарына академиялық ұтқырлық аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға оқуға келген студенттерге «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандарына саяхат» дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелге Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Мұратхан Нәбенұлы, биология кафедрасының доценті Гүлназ Есімбекқызы, аға оқытушысы Жадыра Қанатқызы, магистранты Шынар Тілеудіқызы және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті биология, география мамандықтарының студенттері шақырылды. «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» ғылыми оқу кешенінің меңгерушісі Құралай Бауыржанқызы қонақтарды В. Бажанов атындағы табиғи музейдегі экспонаттармен, геология кабинетінің минералдарымен, кеппешөп кабинетінде және фитохимия, фармокология, фармогнозия кабинетінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Мұратхан Нәбенұлы университетіміздегі білім беру бағдарламаларына тоқталып, университет жетістіктерімен таныстырды. Биология кафедрасының доценті Гүлназ Есімбекқызы мен аға оқытушысы Жадыра Қанатқызы биология кафедрасы жайлы ақпаратпен бөлісіп, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет студенттерін магистратураға оқуға шақырды. Биология кафедрасының магистранты Шынар Тілеудіқызы Познаньдағы (Польша) Адам Мицкевич атындағы университетіке академиялық ұтқырлықпен барып келген әсерімен бөлісті. Шәкәрім атындағы университет студенттері берілген ақпаратқа ризалықтарын білдіріп, рақметтерін айтты. Биология кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image