С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «ЖОО оқытушысының IT-сауаттылығы» онлайн курсы басталды.
Бірнеше жеке курстардан тұратын курстар компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының, қашықтық технологиялар бөлімінің, Білім беру және цифрландыру ақпараттық технологиялары орталығының бірлескен күшімен ұйымдастырылды.
Үйлестірушісі – Кәсіптік дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы.
Бұл курстың мақсаты – университет оқытушыларының оқу-әдістемелік жұмыстарына қолдау көрсету.
Ұйымдастырушылар университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының IT-құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған бірқатар мәселелерді шешуді көздеп отыр, олар – білім беру үрдісін (тұжырымдамасын) ақпараттық қамтамасыз етудің бірыңғай көзқарасын қалыптастыру, білім берудегі компьютерлік бағдарламаларды қолдану тенденцияларымен таныстыру, білім беру процесінде IT-шешімдерді қолданудың практикалық тәжірибесін жинау, IT-құралдарды дамытудың болашақ бағыттары мен проблемаларына шолу жасау.
Курстарға қатысуға 100-ден астам адам өтінім берді.
Баспасөз қызметі