Бекітілген кестеге сәйкес 12 наурызда мемелекеттік білім беру гранты (оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квота) бойынша оқуды аяқтайтын студенттермен алдын ала жұмысқа бөлу рәсімі өтті.
Бірінші кездесуде жұмысқа алдын ала бөлу «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Бастапқы әскери дайындық», «Музыкалық білім» мамандықтарының студенттерімен өтті.
Студенттерге жұмысқа бөлу және жұмыстан босату ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, түлектер сұрақтарына жауап алып, жадынамалар алды.
Мемлекеттік білім беру гранты (оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квотамен) бойынша оқуды аяқтайтын студенттерге арналған жадынама, өтініш нысаны және ШҚО білім басқармасының деректері бойынша білім беру ұйымдарындағы бос орындар туралы ақпаратпен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ресми сайтындағы «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы