Ұстаздар мерекесі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің математика кафедрасында да аталып өтті.
Студенттер өнерлерін ортаға салды, ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Түрлі ойындар ойнатылып, іс-шараға қатысушылар марқайып, көңіл көкжиегін кеңітіп қайтты. Мереке есте қаларлық шара болды.
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы» дей келе, ұрпақ мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Математика кафедрасы