Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ еріктілері университет ардагеріне көмек көрсетті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ еріктілері республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында университет ардагері Ольга Георгиевна Шафирге көмектесті.

Қарияларға құрмет көрсету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Студентті бір нәрсеге үйретудің ең жақсы әдісі – мысалмен көрсету. Сондықтан Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Р.О. Абдрасулин бастаған еріктілер университет ардагері Ольга Георгиевна Шафирге жәрдем берді.

Бұл ардагерге жасалған алғашқы сапар емес. Еріктілер Ольга Георгиевнаға апта сайын келіп тұрады, олар пәтерді тазартуға, азық-түлік сатып алуға, түбіртектерді төлеуге және т.б көмектеседі.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo