№4 оқу ғимараты – бұл Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің биология кафедрасы мен экология және география кафедрасы.
Мұнда биотехнология кабинеті, өсімдіктер физиологиясы және микробиология кабинеті, Қ.Ж. Сыбанбеков атындағы ботаника және өсімдіктер систематикасы кабинеті, «Еңбекті қорғау» зертханасы және т.б. орналасқан.
Мұнда болашақ биологтарды, экологтарды және географтарды оқытады.
Кішкентай ғимараттағы жайлылық пен арнайы аураны кабинеттерде, дәліздерде және залдарда көптеп жайқалып тұрған өсімдіктер сыйлайды...
Сондай-ақ, мұндағы кез келген кабинетте бақылау мен зерттеу жүргізуге арналған заманауи микроскоптар орнатылған.
Ғимарат мына мекенжайда орналасқан: Қалихан Ысқақ көшесі, 2А.
Баспасөз қызметі