07.10.2019 ШҚМУ командасы стартап-жобалары үшін сертификат алды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасы «Healing Jelly» стартап-жобасын ұсынды, ол бал желесін өндіру технологиясына арналған (С.Ф. Колосова, А.А. Тоқтасынова), технология осы жылдың шілдесінде сынақтан сәтті өткен. ШҚМУ командасы сертификат алып отыр, ол жоба іске қосуға әзір. Енді инвесторлар іздеу қажет. Естеріңізге салар болсақ, биыл тұрақты даму саласындағы инновациялық идеялар халықаралық Climate Launchpad конкурсына өтінімдер қабылданған-ды. Инновациялық идеяларды жаһандық бизнеске айналдыруға көмектесетін конкурстың басты мақсаты – төмен көміртекті болашақты қамтамасыз ететін инновациялық жобаларды акселерациялау. Конкурсқа қатысушылар қарқынды жаттығу сессияларға қатысуға бірегей мүмкіндік алады, сондай-ақ танымал ұлттық және халықаралық әділ қазылар алдында өздерінің идеяларын ұсынуға мүмкіндік алады. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image