21.05.2020 ШҚМУ мамандары Назарбаев университетінің мансаптық вебинарына қатысты Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының мамандары Назарбаев университетінің «Түлектерімен әрекеттесу бағдарламасы» мансаптық вебинарына қатысты. Еске салсақ, Назарбаев университетінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығы студенттердің мансабын жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу бағдарламасын іске қосты. Жоба мақсаты – НУ мансап орталығының үздік тәжірибесімен танысу және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу, ынтымақтастық үшін алаң құру. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында университет қызметкерлері қазаннан бері ай сайын студенттердің мансаптық дағдыларын дамыту және жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының тиімді қызметін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерге арналған онлайн вебинарларына қатысып жүр. Маусым айына осы бағдарламаның соңғы вебинары жоспарлануда. Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы View the full image View the full image