12.03.2020 ШҚМУ мен облыстық мұражай-қорық ынтымақтастық меморандумын жасасты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы ынтымақтастық меморандумын жасасты. Мұражай көрме залдарына, солжағалау кешені бойынша, жекелеген нысандар бойынша экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Тараптар мұражай немесе университет аумақтарында көрмелер, сабақтар, бұқаралық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға, бірлескен жобаларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, тренингтерге, брифингтерге, көрмелерге, жазғы мектептерге, экскурсияларға өзара қатысуға уағдаласты. Өзге ынтымақтастық түрлері – білім мен тәжірибе алмасу, дуальді білім беруге қатысу, мұражайда университет білімгерлерінің іс-тәжірибесін ұйымдастыру. Меморандум 3 жылға жасалған. Баспасөз қызметі View the full image