Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен Жоғары колледж студенттері қашықтықтан оқытуға көшеді

16 наурыздан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Жоғары колледж білімгерлері қашықтықтан оқыту тәсіліне көшеді.

Бұл шешім елде коронавирустың таралуына жол бермеу шараларын күшейтуге байланысты қабылданды.

Білім беру үрдісі ЖОО-да 10 жыл бойы қызмет етіп келетін қашықтықтан оқыту порталы және eUniver білім беру порталы арқылы іске асыралады.

ЖОО-ның білім беру порталдарында цифрлық форматтағы оқу контенті орналасқан, білімгерлер мен оқытушылардың ЖОО-ның барлық электронды ресурстарына (силлабустар, дәрістер кешені, практикалық, семинарлық сабақтарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар тізімі, бейнедәрістер және т.б.) қолжетімділігі қамтамасыз етілген, аудио және бейне конференцбайланысы, виртуалды чат орнатылған.

Қашықтықтан оқыту бойынша ақпарат университеттің білім беру порталдарында және ресми сайтында https://www.vkgu.kz орналасқан.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті

Қазақ
× You found a Typo