19.08.2019 ШҚМУ ректоры ұстаздардың республикалық тамыз конференциясына қатысты Жаңа 2019-2020 оқу жылының қапсаңында Нұр-Сұлтан қаласында ұстаздардың дәстүрлі түрде өтетін тамыз конференциясы өтті. Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен ұстаздар, колледж және ЖОО жетекшілері мен оқытушылары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері жиналған шараға, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген де қатысты. Конференцияда жаңа оқу жылында жалпы білім беру мектептерінің оқу процессі; тәрбие процессін ұйымдастыру; балаларға қосымша білім беру; ұстаздарды кәсіби дамыту мәселелері қаралды. Баспасөз қызметі View the full image