С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Гүлбибі Сейдәли Абай өлеңін оқып тұрған бейнеролигін жолдап, «Абай оқулары» республикалық әдеби интернет-байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Аталмыш байқаудың бастамашысы – Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұңғыш Президент кітапханасы.
Эстафета үшінші рет өткізіліп тұр. Қатысушылар әлеуметтік желілерге қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі Абай өлеңдерін оқып тұрған бейнероликтерін салған-ды.
Гүлбибі де онлайн конкурсқа қатысқан.
Жеңімпазды ректорат отырысында оқу орнының ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген құттықтап, гүл шоқтары мен алғыс хат тарту етті.
Баспасөз қызметі