18.05.2020 ШҚМУ студенті республикалық олимпиадада 3 дәрежелі дипломмен марапатталды 14-15 мамырда Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша ел жоғары оқу орындары студенттері арасында «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» бойынша ХІІ республикалық студенттік онлайн-олимпиада өтті. ШҚМУ атынан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенттері Өмір Әмалиат, Нәзира Сағымғалиева, Сұлтан Дауылбаев қатысты. Жетекшілері – дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Е.Қ. Уанбаев. Өмір Әмалиат жеке есепте 104 балл жинап, 3-орынға ие болды. Е. Уанбаев Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қ. Закирьяновтан алғыс хат алды. Студенттерді құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз! ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі View the full image View the full image View the full image