С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың “Цифрлық гуманитаристика” мамандығының студенті Раушан Жакпекова өзі құрастырған ЧАТ-БОТ - VKOVOV_bot таныстырды.
Ұлы Отан соғысының аяқталуына 75 жыл толу мерейтойы қарсаңында, Раушан Жакпекова университет студенттері мен жалпы тарихқа қызығушылық танытатындар үшін, Телеграмм мессенджерінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің ҰОС ардагерлері туралы ЧАТ-БОТ әзірледі.
Өзінің жұмысын ол, “Екінші дүниежүзілік соғыс: бейбітшілік жолындағы шындық” атты халықаралық онлайн-вебинарда көпшілік назарына ұсынды.
Аталмыш чат-бот Телеграмм-мессенджерінде жүзеге асырылғандықтан, кез-келген адам кіріп, қажетті мағлұматты ала алады. Бағдарламада соғыс ардагерлерінің фамилиялары, суреттері, қысқаша ақпарат пен наградалары ұсынылған мәзір бар. Алдағы уақытта, бағдарлама кеңейіп, жаңа функциялар қосылып, жеке көмекші қызметін атқаратын болады. Сондай-ақ, әзірлеушінің айтуы бойынша университетіміздегі тыл ардагерлерін де қосу жоспарда бар.
Айта кетейік, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де әр жылдары барлығы 29 ҰОС ардагері қызмет еткен.
Қызығушылық танытқандар болса, төмендегі сілтеме арқылы өтулеріңізге болады.
Баспасөз қызметі