9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ХІV съезі өтті.
Съезге халықаралық ұйымдар, әлеуметтік әріптестер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, кәсіподақ ардагерлері, Парламент депутаттары, БжҒМ, ЖОО ректорлары және кәсіподақ делегаттары қатысты.
Бұл съезд қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 95 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайнар Ерланұлы Жексембаев делегат ретінде қатысты.
Салалық кеңестің съезінде 2014-2019 жылдары атқарылған жұмыстардың есебі, бақылау-тексеру комиссиясының есеп беру баяндамалары тыңдалып, салалық кәсіподақтың 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Салалық кәсіподақ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасы қабылданды.
Баспасөз қызметі