21.10.2019 ШҚМУ студенттері Абай мұражайында болды Абайдың 175 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері «Ұлы Абайдың ізімен...» рухани сапары аясында ақынның туған жері – Абай ауданына барып қайтты. Аталмыш факультеттегі физика кафедрасының «Кәсіптік оқыту», «Ядролық физика», «Информатика» мамандықтарының студенттері топ кураторлары М. Нұризинова, А. Төкежанов, Е. Әмреновалардың ұйымдастыруымен «Ұлы Абайдың ізімен...» атты рухани сапармен Абай ауданында, Семей қаласындағы Абай музейінде болды. Сапарға барлығы 30 білім алушы барды. Рухани сапардың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Абайың мол мұрасын тану. Физика және технологиялар кафедрасы View the full image View the full image