С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да студенттер қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
Инженерия және технологиялар кафедрасында «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының 3-курс студенттері Алғыс айту күніне орай өздері дайындаған тағамдардан қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңкеге торт, тәтті бәліш, печенье, пицца, манты, палау, салат, түрлі бөлке, компот, ыстық тағамдар қойылды.
Барлық өнімдер арзан бағамен сатылды. Жәрмеңке студенттердің, магистранттардың, оқытушылар мен кафедра қызметкерлерінің қызығушылығын тудырды.
Түскен ақша – 40 мың теңге қайырымдылық қорына және жаңа туған нәрестелерді бейімдеу орталығына берілді.
Ұ. Шайман,
3 курс кураторы