07.10.2019 ШҚМУ студенттері М. Әуезов атындағы академиялық театр әртістерімен кездесті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртістерімен кездесті. Кездесудің басты қонақтары еңбек сіңірген қайраткер, «Дарын» сыйлығының лауреаты Бекжан Тұрыс, Жастар одағы сыйлығының иегері Шынар Асқарова, еңбек сіңірген әртіс, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Төлеубек Аралбай, еңбек сіңірген әртіс, мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» ордендерінің иегері Айдос Бектемір, еңбек сіңірген қайраткер, Жастар одағы сыйлығының лауреаты Дулыға Ақмолда болды. Сырлы сұхбат пен әсерлі әңгімеге толы кездесуде студенттер мен оқытушылар сахна саңлақтарына сауалдарын қойды. Бекжан Тұрыстан қонақкәде ретінде бір ән сұрап, қазақтың қара домбырасын ұсынды. Университетіміздің мақтанышы, республикалық «III Абай оқулары» сайысының бас жүлдегері Гүлбибі Сейдалиева өлеңін оқып, көрермен жанын жылы шырайға бөледі. Кеш соңында Аманжолов университеті театр ұжымына алғыс білдірді. Ақтолқын Жансапова, журналистика мамандығының 2 курс студенті View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image