18.05.2020 ШҚМУ студенттері мен оқытушылары социофобия және социофилия мәселесін талқылады «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы «CliDePsy – мамыр» онлайн-платформасы аясында іс-шаралар сериясын жалғастырды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Социофилдер мен социофобтар. Біз біргеміз!» монстрациясы өтті. Студенттер мен оқытушылар нақты әлемдегі әлеуметтік фобия мен әлеуметтік махаббат мәселесін талқылады. «Зияткер» ҒБО қызметкері, психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры И.К. Мацкевич онлайн-кездесуге қатысушыларға социофилдер мен социофобтар кім екенін айтты. Сонымен қатар, ол әлеуметтік фобияның жедел диагностикасын жүргізді. Монстрацияға келгендердің әрқайсысы өз плакаттарын дайындап, талқыланатын мәселе бойынша өз ұстанымын білдірді. Пікірталас өте қызу өтті, дегенмен барлығы бір қорытындыға келді – әркімнің өз құқығы бар! Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image