Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері онлайн-адалдық сағаты республикалық акциясына қатысты

«Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Адалдық Ұлы Абайдың мұрасы» онлайн-дәрісі өтті.

ЖОО-лар мен колледждер студенттері арасында адалдық идеологиясын насихаттау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық сағат» республикалық акциясын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Дәстүрлі кездесулердің орнына қазіргі жағдайда «Адалдық сағаты» онлайн режимінде өтті.

– Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын ескере отырып, онлайн-дәрістің тақырыбы «Адалдық – Ұлы Абайдың мұрасы» деп таңдалды. Дәріс жас ұрпақты адал және шыншыл болуға шақырған Ұлы ойшылға арналған. Ел Президенті Қ. Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Абайды тану – бұл өз-өзіңді тану. Ал, өз-өзіңді тану, үнемі өсу, ғылымды зерттеу, білім – бұл даналық. Абайдың сөздері ұрпаққа жол көрсетуі керек» деп атап өткен-ді. Екі тілдегі бейнедәрістер республикалық «Ел арна» және «Балапан» телеарналарының эфирінде, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің, «Шығыс –Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық-насихаттау штабының Youtube арнасы мен әлеуметтік желілерінде таратылды, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Осы акцияға Шығыс Қазақстан облысы жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері мен колледждерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Сонымен қатар, «AntikorLive» жобасының аясында аталмыш бейнедәрісті алдын алу және адалдық басқармасының ұжымы көрді.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде атап өткендей, қоғамда адалдтық идеологиясын насихаттау бойынша жүйелі жұмыс жалғаса береді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo