Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері онлайн форматта еліміздегі жетекші мамандармен кездесті

20-21 мамырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының қызметкерлері мен психология және түзету педагогикасы кафедрасының оқытушылары түрлі бағыттағы жетекші психологтармен онлайн-кездесу өткізді.

«Психология», «Клиникалық психология» және «Дефектология» мамандықтарының студенттері елдегі жетекші мамандардан онлайн-тәжірибе алды.

Кездесу «CliDePsy – мамыр» онлайн-платформасының аясында өтті (www.instagram.com/clidepsy). Бұл – онлайн практика және практикалық сабақтың бірнеше кезеңдерін өткізуге арналған қуатты алаң. Сонымен қатар, бірінші курс студенттері болашақтағы оқудың жолын, сонымен қатар кәсіптік таңдаудың ерекшеліктерін, жұмыстың бастапқы кезеңінде кәсіби және жеке бейімделуде болатын қиындықтарға қалай дайындалу керектігін өздері анықтай алады. Аталмыш іс-шараға күніне 53 адамға (студенттер мен мамандар) дейін қатысады.

Модераторлары – психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценттері Е.И. Барабанова, Е.В. Дергачева, аға оқытушысы Г.К. Қасымбекова.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo