Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күнінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері «NIETWOMEN» әйелдер бастамалары қоғамымен бірге «Луч надежды» егде жастағы тұлғалар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік бейімделу орталығында болды.

Орталықта түрлі егде жастағы 38 адам тұрады. Мұндағы ең қарт адам жуырда 100 жасқа толған.

Факультет деканының орынбасары Д. Байдрахманов құттықтау сөз сөйледі.

Кездесуде студенттер зейнеткерлерге сыйлықтар мен тәттілер таратып, концерт қойды. Мұнан соң жастар мен қариялар емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, естелік суретке түсті.

1 қазанда бүкіл әлемде Қарттар күні аталады. Ол 20 жыл бұрын БҰҰ шешімімен бекітілген.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo