13.04.2020 ШҚМУ жас ғалымының жобасы 61 млн теңгенің грантын жеңіп алды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Білім және ғылым министрлігінің 61 млн теңге сомасындағы ғылыми грантын иеленді. Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертаханасының Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасы Максим Сутуланың жетекшілігімен «Ауыл шаруашылық дақылдары сұрыптарына вирусқа қарсы резистенттілік беруге бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» ғылыми жобасы үшін Білім және ғылым министрлігінің 61 млн теңге сомасындағы грантын жеңіп алды. Әзірленген технология өндіріске енгізіледі, яғни университетте жасалған «Таврия», «Восточный-1», «Изольда» картоп сұрыптарына қолданылады. Нәтижесінде картоп сұрыптары түрлі вирустық инфекцияларға төзімді болмақ. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image