07.05.2020 ШҚМУ Жоғары колледж қабырғасында аль-Фарабидің 1150 жыл толуына арналған онлайн нұсқада ғылыми конференция өтті Жоғары колледжде Әл-Фарабидің 1150 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру-ғылымның, білім мен тәрбиенің сапалы негізі» атты онлайн ғылыми конференция өткізілді. Конференция барысында, Аль-Фарабидің тарихи және мәдени мұралары, сонымен қатар жастардың білім мен ғылым жолындағы өзекті, мәселелі тақырыптары талқыланды. Конференцияның басты міндеті- Білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, студенттерді ағымдағы ғылыми мәселелерді шешуге тарту. Конференция екі бағытта өткізілді. Технико-гуманитарлық және педагогикалық бағыт. Технико-гуманитарлық бағыт бойынша 10 қатысушы және педагогикалық бағыт бойынша 6 қатысушы өз ғылыми баяндамаларын ұсынып, қорғады. Әділқазылар мүшесі ғылыми жұмыстарды құрылымы, өзектілік, ғылыми жаңалықтың болуы және қорғау талаптарының орындалуына, сұрақтарға жауап беру нәтижесіне сәйкес баға берді. Технико-гуманитарлық бағыт бойынша келесі нәтижелер мәлім болды. Бірінші орынды «Құқықтану» мамандығының студенті Ержанов Даниел иеленді. Екінші орынды «Аударма ісі» мамандығының студенттері Жунисханова Камила және Лукьянова Василиса алды. Үшінші орын «Есеп және аудит» мамандығының студенті Ерболова Шырайға бұйырды. Педагогикалық бағыт бойынша келесі жеңімпаздар расталды. Бірінші орынды «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Ахмедова Малахат алды. Екінші орынды «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Ақанова Ұлпан мен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті Тютюнькова Дарья бөлісті. Үшінші орын иегері «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенті Қуанышқалиева Мөлдір. Аталған бөлімде келесі номинация иегерлері анықталы: «Жас ғалым» номинациясымен «Құқықтану» мамандығының студенті Аубакирова Аяжан және «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенті Қайрат Еркебұлан «Спортшы ғалым» номинациясымен марапатталды. Конференция қатысушыларының баяндамалары өзекілігімен, іс-тәжірибеге икемділігімен дараланды. Жоғары колледж студенттері өз қызметтерін оқу үрдісімен қатар, спорт және мәдениет, сондай-ақ ғылыммен де ұштастыра білді. Қатысушыларға және олардың ғылыми жетекшілеріне конференцияға белсене қатысқаны үшін алғыс айтамыз! С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image