2019-2020 оқу жылынан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде тәжірибелік режимде қолданбалы бакалавриаттың «Бастауыш білім берудің қолданбалы бакалавры» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту бастады.
Жалпы, ШҚМУ Жоғары колледжі 10 мамандық бойынша, оның ішінде 13 біліктілік бойынша білім береді.
Сонымен қатар, болашақта «Ақпараттық жүйелер» мамандығының «Дизайнер» біліктілігі бойынша және «Химиялық технология және өндіріс (түрлер бойынша)» мамандығының «Техник-лаборант» біліктілігі бойынша жаңа мамандықтар ашу жоспарлануда.
Колледжге қабылданушылар саны жыл сайын артып келеді. 2019-2020 оқу жылында академиялық топтардың саны 37 болды.
Осы оқу жылындағы үлгерім көрсеткіші өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,53% -ға өсіп, 98,53%-ды құрады.
Баспасөз қызметі