Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Жоғары колледжінде бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бірінші курстың жастарын студенттер қатарына қабылдау салтанатты өтті.

Іс-шара ерекше флеш-мобпен басталды. Ресми бөлімде студенттерді колледж директоры С. Өтепов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Төлегенова, педагогика бөлімінің меңгерушісі Н. Исабаева, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Таранова құттықтады. Олар жастарға табыс, төзімділік және табандылық тіледі.

Бұдан соң бірінші курстағы әрбір топтың өздерін таныстыру думаны басталды. Сахнада колледждің өзге де студенттер өнер көрсетті. Десек те, осы күні басты назар бірінші курст студенттерінде еді. ОП9, ПБ НО1А, ПБ-ФК1А топтарында нағыз таланттардың – тамаша бишілер мен әншілердің бар екені белгілі болды.

Шара соңында студенттер ант қабылдап, су жаңа студенттік билеттер мен сынақ кітапшаларына ие болды. Құжаттарды колледж директорының өзі табыстап шықты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo