Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Жоғары колледжінде үш мамандық бойынша дуалды оқытуды енгізу жоспарлануда

Осы оқу жылында Жоғары колледжде «Химиялық анализ бойынша зертханашы» жұмыс біліктілігі бойынша дуальды оқыту элементтері енгізілді, бұл кәсіпорындар базасындағы өндірістік оқытудың және кәсіптік іс-тәжірибенің 60% қамтамасыз етеді.

Оқу процесіне дуалды оқытуды енгізу жұмыстары жалғасуда. Жоспарда «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Аударма ісі» және «Құқықтану» мамандықтарына дуалды оқытуды енгізу бар.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде жұмыс берушілермен серіктестік орнатылған. 2018-2019 оқу жылында ынтымақтастық туралы 84 келісім жасалды, 2019-2020 оқу жылында 116 келісім жасалды.

Жұмыс берушілер практикаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру, әртүрлі іс-шараларға қатысу арқылы оқу процесіне қатысады. Оқу жоспарлары, кестелері және іс-тәжірибеден өту жоспарлары жұмыс берушілермен келісіледі.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo