С. Аманжолов атындағы ШҚМУ алаңында «Құзіретті оқыту және тәрбиелеу: құралдар және мүмкіндіктер» республикалық оқу-әдістемелік кеңесі өтті.
Қатысушылар алдында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры А. Боранбай, облыстық білім басқармасының басшысы С. Жұмаділова құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шарада баяндамалар оқылып, ІТ-стартаптар таныстырылымы, ашық сабақтар өтті.
Сонымен қатар, ұстаздар үшін шеберлік сабақтары, консультациялар жүргізілді.
Баспасөз қызметі