«Цивилист» үйірмесінің аясында Шығыс Қазақстан адвокаттар алқасының адвокаттары С. Жұмағұловпен және К. Қалиакперовпен кездесу өтті.
Адвокаттар «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттерін «Qorgau» жобасымен таныстырды. Жоба азаматтар құқығын қорғауға арналған қолжетімді әрі тегін инфрақұрылымды құруға бағытталған.
Үйірмені ШҚМУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті Марианна Ивановна Дячук ұйымдастырған.
Жоба мақсаты – қиың өмірлік жағдайдағы тұрғындардың білімін көтеру.
Жоба барлық қала-аудандарда заңдық кеңес беру орталықтарын ашуды қарастырады, ол жерде кез келген адам тегін құқықтық көмек ала алады.
Сондай-ақ, жоба заң факультеті студенттері үшін іс-тәжірибелер ұйымдастыруды, «әлеуметтік» заңгерлер қауымдастығын құруды, «Сөйле!» ақпараттық-түсіндіру әлеуметтік акциясын өткізуді, отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар атқаруды көздейді.
Жоба аясында денсаулық сақтау, адам құқығы, балаларды қорғау және басқа да салалардағы барлық құқық қорғаушы ұйымдармен меморандумдар жасалады.
Баспасөз қызметі