Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлы Жеңіске - 75 жыл: Жеңіс үшін атама рахмет!

Менің атам, Алипин Қабдрашит 1921 жылы 6 наурызда Катонқарағай ауданының Алтай ауылында дүниеге келді. Топқайың, Шыңғыстай мектептерінен білім алды.

Ұлы Отан соғысының ардагері. 1942 жылы «Степан Разин» атындағы ұжымшарда жұмыс істеп жүрген жерінен майданға шақырылады. Қазақстанның Семей қаласында жасақталған 101 қазақ ұлттық атқыштар бригадасының минометшілер двизиясының құрамында Ленинградты, Прибалтика респуликалары мен Белоруссияны жаудан азат етуге қатысқан. Жеңіс күнін Курляндия жерінде қарсы алды. 1946 жылы елге оралған соң Катонқарағай аудандық «Еңбек туы» газетінде төрт жыл тілші болып қызмет атқарды, содан кейін Қабырға бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1951-52 жылдары Зайсан қаласының педагогика училищесінде білім алып, Қабырга, Чернова, Язевка орта мектептерінде жұмыс істеді. 1959-62 жылдары аудандық газеттің партия бөлімін басқарады.

1962 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Қабырға бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Ұзақ жылғы ұстаздық мінсіз қызметі үшін «Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағын иеленді. Жұбайы Әсима екеуі сегіз бала тәрбиелеп, оларды жеткізді.
Атам соғыс жылдарындағы ерліктері мен бейбіт өмірдегі адал еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков», «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен және көптеген мерекелік медальдармен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
2015 жылы 16 маусымда өз іс-қызметі арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін атама Катонқарағай аудандық мәслихатының ХХХI сессиясының 31/247-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Қазіргі таңда атам 99 жасқа келіп, 19 немере, 34 шөбере сүйіп отыр. Еш уакытта біреудің ала жібін аттаған емес. Бізге «тек адал еңбек ет, уақытыңды босқа өткізбе, әр минутыңды пайдамен өткіз» деп құлағымызға құйып келді. Қазірдің өзінде елімізде болып жатқан жаңалықтарды Егемен Қазақстан, Арай, Дидар газеттерінен оқып, біліп отырады.

Мен атамды мақтан тұтамын!

Куралай Алипина,  

«Шығыс Қазақстанның інжу маржандары» ҒОК меңгерушісі

Қазақ
× You found a Typo