- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Абай жылы аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті көптеген маңызды іс-шараларды атқаруда.
Айталық, өткен жылдың ақпан айында Польшада ШҚМУ-дың «Абай» орталығы құрылды, биыл университетте «Абайтану» институты (директоры – Мекемтас Мырзахметұлының шәкірті, ф.ғ.д., профессор, белгілі абайтанушы Айжан Маратбекқызы Қартаева) және арнайы жеке кабинет (2018 жылы) ашылды. Былтыр тамызда Жидебайда «Абай еліне тағзым» мәдени-ағартушылық шарасы өткен болатын.
Университет ғалымдарының ұлы ақынға қатысты кітаптары, монографиялары жарық көруде.
Ғылыми кеңестің шешімімен дарынды студенттерге арналған «Абай Құнанбайұлы» алтын медалі, «Абай» гранты мен шәкіртақысы тағайындалған. Тағы да басқа көптеген іс-шаралар жалғаса бермек.
Жақын арада Абайдың «толық адамын» түсіндіру кітабы ШҚМУ баспасынан шықпақ, ол жөнінде арнайы жариялайтын боламыз.
Құрметті әріптестер, Сіздерді «Абай және әлемдік өркениет» халықаралық онлайн конференциясына қатысуға шақырамыз!
Баспасөз қызметі