Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж студенттері мен оқытушылары осы оқу жылында республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары атанды

Ағымдағы оқу жылында Жоғары колледж студенттері мен оқытушылары ғылыми қызметте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Мәселен, колледж студенттері Даниил Ержанов пен Аружан Зарқынбекова «Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен химиялық элементтердің периодтық кестесінің ашылғанына 150 жыл» атты студенттердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясында 1-орынға ие болды. Жетекшілері – Е. Қалнұр.

Оқушылар мен студенттердің IX республикалық «Жас ғалым» ғылыми жұмыстар байқауында Назерке Рысбекова ерекше жетістіктері үшін арнайы дипломмен және 2-орынмен марапатталды (жетекшісі – Ж.Қ. Қажыбаева).

Студенттер Д. Тютенкова, В. Галимова және В. Шишкина «Егер мен Президент болсам!» эссе байқауында 1-орынға ие болды. (Г.С. Айтжанованың жетекшілігімен).

Жоғары колледждің оқытушылары А.Д. Қылиманова мен Б.М. Жүнісованың студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен дайындығын басқаруға белсенді қатысуы студенттерге қашықтық республикалық ғылыми конкурстарда жүлделі орындар алуға мүмкіндік берді.

 Сонымен қатар, жоғары колледждің оқытушылары халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, сонымен қатар ғылыми еңбектерді жариялауға (бір жыл ішінде 13 еңбек жарияланған) белсенді қатысады.

Айталық, оқытушылар М. Манкей мен С.А. Мужчиль «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үздік жас ғалымы» байқауында 2-орынға ие болды, Мужчиль «ТМД-ның ең үздік жас ғалымы» халықаралық байқауының жүлдегері атанды.

Ағымдағы оқу жылында колледждің Жас ғалымдар кеңесі жұмысын жалғастырды. Жас оқытушылар зерттеушілік деңгейлерін көтеру мақсатында қашықтықтан ғылыми-практикалық конференциялар мен конкурстарға белсенді қатысуда.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде келешегі зор және білікті 18 жас мұғалімдерден құралған Жас педагогтар мектебі жұмыс істейді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo