19.05.2023 ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕ САЛДЫ 2023 жылы 16 мамырда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде студенттермен «Судағы қауіпсіздік ережелері» туралы кездесу өтті. Жүзе білмеу, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы адам өлімімен аяқталып, орны толмас қайғыға ұшыратып жатады. Сондықтан, жаз айларында судағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, суға барғанда әсіресе тауға шыққанда бұл ережелерді үнемі сақтап отыру қажет. Кездесу барысында медициналық пункт қызметкері О.П.Пыхнова судағы қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен түсіндіріп айтты. Сонымен қатар, балаларға шомылуға арналған арнайы рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға болатынын ескертті. Жоғары колледж View the full image шартты сурет, ашық дереккөзден