06.03.2020 Жоғары колледж студенттеріне темекінің зияны түсіндірілді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Темекінің денсаулыққа зияны» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны жастардың «Нұрсалауат» денсаулық орталығы ұйымдастырды. Ұйымның әлеуметтік еңбеккері С. Әнуарбекова темекінің денсаулыққа, әсіресе репродуктивтік жүйеге зияны туралы жан-жақты айтып берді. Семинар қорытындысында колледж оқушылары салауатты өмір салтын ұстанып, темекі өнімдерін пайдаланбауды ұйғарды. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image