Қазіргі кезеңде университеттің халықаралық қызметі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әлемдік білім беру және ғылыми қауымдастыққа ары қарай ықпалдастыру, университеттің имиджін нығайту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл жұмыс шетелдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушы мамандармен өзара алмасу және студенттердің білімін дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхит аймағының көптеген университеттері мен білім беру ұйымдарымен тұрақты қарым-қатынаста.
2009 жылы Еуропа Университеттерінің Ұлы Хартиясына (Болонья, Италия) қол қойды.
Университетаралық ынтымақтастықтың бірден-бір басты бағыты - білім алушыларға шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беруге және қос диплом алуға бағытталған бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға барынша көмек көрсету болып табылады.
Халықаралық қызметті дамытудағы стратегиялық мақсаттар:
- Зерттеу және оқу бағдарламалары саласында халықаралық стандарттар сапасына жету.
- ШҚМУ оқу жоспарларын сәйкес білім бағдарламалары бойынша әлемнің жетекші университеттерінің оқу жоспарына үйлестіру.
- Болонья үрдісінің қағидаларын және ережелерін есепке ала отырып, қызметкерлердің халықаралық білім беру үрдісіне бейімделгіштігін және тартылуын, білім алушылардың бейімделгіштігін қамтамасыз ету.
- Білім беру қызметі нарығында ШҚМУ бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралы ретінде екі диплом бағдарламасын енгізу және жүзеге асыру.
- Университеттің халықаралық ғылыми қызметін дамыту, ШҚМУ-дың халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысу ауқымы мен сапасын арттыру.
- ШҚМУ халықаралық беделін көтеру, оның ішінде алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктердегі жоғары оқу орнының институализациялаулары мен білім бағдарламаларының халықаралық рейтингтері мен аккретиттеулеріне қатысу арқылы.
- Оқытушылардың, қызметкерлердің, білім алушылардың тілдік дайындығын дамыту.
Халықаралық бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- Баспа қызметі, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының педагогикалық және ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру.
- Қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамсыз ету, университеттің халықаралық қызметінің жүзеге асырылуына қатысатын университетінің білім беру және басқару құрылымдарының департаментпен өзара әрекеттесу бағдарламаларын әзірлеу.
- Ғылыми және білім берудегі ынтымақтастық мәслелері бойынша шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерімен және ұлттық мәдени орталықтармен қарым-қатынас орнату және байланыста болу, шетелдік жоғары оқу орындармен және ұйымдармен тікелей қарым-қатынас орнату, университеттің білім беру, ғылыми, қоғамдық және мәдени қызметіне елшіліктің, дипломатиялық миссия қызметкерлерін және мәдениет өкілдерін мүмкіндігінше жұмылдыру.
- Университеттің халықаралық қызметі мониторингінің тиімділігін арттыру: ПОҚ, қызметкерлерді, білім алушыларды шетелге іс-сапарға жіберудің бірыңғай тәртібін енгізу;
- Шетелдік іс-сапарлар нәтежесі бойынша есеп берудің бірыңғай формасын енгізу;
- Университет бөлімшелерімен барлық деңгейдегі халықаралық келісімге отырудың бірыңғай тәртібін енгізу;
- Ғылыми қызметкерлердің және бөлімшелердің халықаралық қызметін бақылауды күшейту.
- Серіктес жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, сонымен қатар серіктес жоғары оқу орындарына Қазақстан туралы, оның мәдениеті мен осы елде тұрып жатқан халықтардың тарихы жайлы білімдерін көпшілікке таныстыратын тиісті ұйымдастырушы құрылымдар ашу арқылы университеттің шетелдегі жағымды имиджін көтеру бойынша ұсыныстар әзірлеп, енгізу.