- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
СІЗ СҰРАЙСЫЗ - БІЗ ЖАУАП БЕРЕМІЗ
1. ШҚМУ-да ҚОТ қолдану арқылы оқыту қандай платформаларда жүзеге асырылады?
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту:
- университеттің қашықтықтан оқыту порталы арқылы http://edu.vkgu.kz /) - күндізгі оқу бөлімінің студенттері, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар үшін қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы;
- http://euniver.vkgu.kz, https://m.vkgu.kz eUniver білім беру порталы арқылы күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін.
Порталдарға кіру бойынша нұсқаулықтар білім алушылар мен оқытушылардың жеке кабинеттерінде орналастырылған. Порталдарда оқу контенті орналастырылған.
2. Контент деген не?
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту процесі контент - электрондық мазмұн негізінде жүзеге асырылады. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қашықтықтан оқыту порталдарында: 1) силлабусты; 2) мәтіндерді, сызбаларды, фотосуреттерді, кескіндемелерді, бейнелерді және т.б. қамтыған дәріс кешені; 3) практикалық, семинарлық сабақтарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар тізімін, бақылау материалдарын және т.б. қамтитын қашықтықтан оқыту курстары түріндегі контент ұсынылған.
3. Қашықтықтан оқыту барысында сабақтар қандай формада өтеді?
Сабақтар жеке және бірлескен түрде болуы мүмкін. Бірінші жағдайда бұл білім алушының өзіндік жұмысы-оқытушы ұсынған материалдарды оқу арқылы тапсырмаларды орындау. Ол үшін қажетті құжаттарды жүктеу, оларды өз компьютеріңізге сақтау немесе басып шығару (қажет болған жағдайда) және оқып-білу қажет. Жүктеу түріне байланысты бейнедәрістерді компьютерге жүктеуге (ноутбук және т.б.) немесе жеке кабинетіңізде/ YouTube арқылы қашықтықтан оқыту порталынан көруге болады.
Сабақтың екінші түрі (бірлескен түрде) – бұл белгілі бір уақытта (атап айтқанда сабақ немесе кеңес беру кестесі бойынша) бір виртуалды орында білім алушылар мен оқытушы жиналғанда, олардың оқу жоспарына сәйкес белгілі бір сұрақтарды бірге қарастыратын онлайн-дәрістер/онлайн-практикалық (зертханалық) сабақтар/ кеңестер түріндегі вебинар немесе конференция. Мұндай сабақтар шынайы дәрісхана сабақтарына жақын: сіз оқытушыны көре аласыз және естисіз, әріптестеріңізбен сөйлесе аласыз, тек барлық әрекеттер компьютер мониторында нақты уақыт режимінде жүреді.
4. Оқыту үшін Интернет желісіне үнемі қосылу қажет пе?
Жоқ, Интернет желісіне тұрақты қосылу қажет емес. Оқыту материалдарын өз компьютеріңізде жүктеуге және сақтауға болады, ал қажет болған жағдайда – басып шығара аласыз. Интернетке тұрақты қосылу тек онлайн – дәрістерге / онлайн – практикалық (зертханалық) сабақтарға немесе вебинар немесе сабақ кестесі бойынша конференция форматындағы консультацияларға қатысу кезінде немесе тест тапсырмаларын өтуі кезінде қажет.
5. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқу процесі қалай құрылады?
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту рәсімі білім алушылар мен оқытушылар үшін жеке әзірленген және қашықтықтан оқыту порталдарында орналасқан келесі алгоритмдерде көрсетілген:
- «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқуға көшу алгоритмі және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру мониторингі»;
- «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқуға көшу жағдайында кәсіптік тәжірибені өткізу алгоритмі және оқу үдерісін ұйымдастыру мониторингі» (ПОҚ пен білім алушылар үшін).
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқуға көшудің әзірленген алгоритмдерінде білім алушылар мен оқытушылардың академиялық адалдық ережелерін сақтауға көңіл бөлінген.
6. Сабақ қай уақытта өтеді?
Онлайн-оқыту қолданыстағы сабақ кестесіне сәйкес (ЖОО-ның ААЖ орналастырылған, білім алушылардың жеке кабинеттерінде оған қол жеткізу мүмкіндігі бар) онлайн – дәріс және онлайн – практикалық сабақтар түрінде Big blue button, ZOOM және т.б. платформалары арқылы жүргізіледі.
Big blue button, ZOOM бағдарламалық жабдықтауды пайдалану нұсқаулықтары қашықтықтан оқыту порталдарында оқытушылар мен білім алушылардың жеке кабинеттерінде орналастырылған.
7. Кері байланысты орнату мүмкіндігі қарастырылған ба?
Порталдарда оқытушының «off-line» режимінде (оқытушыларға хабарлама жіберу, чат, форум арқылы), сондай-ақ «on – line» режимінде bigbluebutton, ZOOM аудио - және видеоконференцияларды өткізуге арналған платформаны қолдану арқылы білім алушылармен кері байланысы бар. Сондай-ақ, әртүрлі мессенджерлерде (Whatsapp, Telegram және т.б.) топтық чат құру арқылы қарым-қатынас жасауға болады.
8. Сабаққа қатысуды бақылау және есепке алу қалай жүзеге асырылады?
Білім алушылардың сабаққа қатысуын бақылау және есепке алу күн сайын оқытушылардың ЖОО-ның ААЖ-дағы онлайн-сабақ қорытындысы бойынша электрондық сабаққа қатысу журналдарын толтыру арқылы жүргізіледі.
9. Интернет жылдамдығының төмендігінен қашықтықтан оқыту порталынан оқу материалын көшіріп алу мүмкіндігі болмаса не істеу керек?
Оқу контенті бар барлық әрекеттерді (жүктеу, орындалған тапсырмаларды жүктеу, онлайн-сабақтарға және консультацияларға қатысу және т.б.) оқу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін қашықтықтан оқыту порталында жүзеге асыруы қажет. Сонымен қатар, жекелеген жағдайларда, атап айтқанда, интернеттің жылдамдығы өте төмен болған кезде оқытушының (оқытушыға) электрондық поштаны немесе мессенджерлерді пайдалана отырып дәрістер / тапсырмалар жіберуіне жол беріледі. Бұл ретте білім алушы міндетті түрде оқытушыны орын алған проблемалар туралы хабардар етуі және өзінің оқу нәтижелерін қадағалай отырып, онымен үнемі байланыста болуы тиіс.
10. Интернет жылдамдығының төмендігінен кейде онлайн-сабақтарға қатысуға мүмкіндік болмаса не істеу керек ?
Білім алушылардың жеке кабинеттерінде дәрістер мен практикалық тапсырмалар орналастырылған. Кейбір жағдайларда онлайн-сабақтарға шығуға мүмкіндік бермейтін интернет жылдамдығы төмен болған жағдайда, пән бойынша кейсті жүктеп алу және ағымдағы аптаның дәрісін алдын ала оқып, практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындауы қажет. Содан кейін апта сайын, белгіленген мерзімде орындалған тапсырмаларды оқытушыға тексеруге жіберу (қашықтықтан оқыту порталы арқылы) керек. Тапсырмаларды портал арқылы жіберу кезінде проблемалар туындаған жағдайда білім алушы үшін кез келген қолжетімді құралдарды (электрондық пошта, мессенджерлер және т.б.) пайдалануы қажет, міндетті түрде оқытушыны орын алған проблемалар туралы алдын ала хабардар етуі қажет. Сонымен қатар, білім алушыларға онлайн-сабақтарды толық елемеуіне рұқсат етілмейді, өйткені оқытудың нәтижелері мен сапасы білім алушымен оқытушының қаншалықты тығыз және тиімді өзара іс-қимыл жасауына байланысты.
11. Интернет проблемаларына байланысты ағымдағы аптаның соңында орындалған тапсырманы жібере алмаған жағдайда не істеу керек? Бұл оның үлгеріміне әсер ете ме?
ЖОО-ның академиялық саясатына сәйкес тапсырмаларды бағалау апта сайын оқытушылар тарапынан жүргізіледі, одан кейін баға ЖОО-ның ААЖ- дағы электрондық бағалау журналына енгізіледі. Ағымдағы бақылау қорытындысы бойынша білім алушының рейтингі мен қорытынды бағасы автоматты түрде есептеледі. Тапсырмаларды портал арқылы жіберу кезінде проблемалар туындаған жағдайда білім алушы үшін кез келген басқа да қолжетімді құралдарды (электрондық пошта, мессенджерлер және т.б.) пайдалану қажет, міндетті түрде оқытушыны орын алған проблемалар туралы алдын ала хабардар ету қажет. Тапсырмаларды орындамаған және білім алушы оқытушымен байланысқа шықпаған жағдайда журналдарға тиісті белгілер қойылады және ЖОО-ның Академиялық саясатына сәйкес шаралар қабылданады.
12. Тапсырмаларды орындау және рейтингтерді алу үшін мерзімдерді қандай жағдайларда ұзартуға болады ?
Білім алушы ауырып қалған жағдайда тапсырмаларды орындау және рейтинг алу мерзімін ұзартуы мүмкін. Рәсім С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың академиялық саясатында толықтай сипатталған (университет сайтында орналастырылған). Міндетті шарт: факультет деканына (факультет деканының орынбасарына) электрондық пошта арқылы жіберу):
- тапсырмалардың орындалу мерзімін ұзарту туралы өкім шығарылатын медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі (егер анықтама талаптарға сәйкес келген жағдайда);
- білім алушыдан өтініш, үлгісін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтынан «PARASAT» (https://www.vkgu.kz/ru/page/uslugi-centra-obsluzhivaniya-studentov-aykyn.html)студенттерге қызмет көрсету орталығының порталынан көшіріп алу болады.
Сізде сұрақтар әлі де бар ма?
Оларды AKudaibergeneva@vkgu.kz/ электронды мекен-жайына жолдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар мен электрондық мекен-жайлар бойынша хабарласуға болады:
Экономика және құқық факультетінің деканаты: 87779891563; Fakultet_EF@vkgu.kz
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканаты: 87776709696; Fakultet_IMO@vkgu.kz
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканаты: 87775798400;
Пихология, Педагогика және мәдениет факультетінің деканаты: 87055214360. Fakultet_KS@vkgu.kz
Euniver порталына жауапты: Ділдебай Балғын-ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығының басшысы, dyldebayb@gmail.com, 87052662188;
Қашықтықтан оқыту порталына жауапты: Құдайбергенева Әсемгүл Ескендірқызы, қашықтықтан оқыту технологиялар бөлімінің бастығы, AKudaibergeneva@vkgu.kz, 87715470011.