22.05.2023 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША СЕМИНАР Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 162 мыңнан астам бала бар. Сондықтан да бүгінгі таңда инклюзивті ортадағы балалармен жұмыс істеудің жаңа балама әдістерін іздеу мәселесі өте өзекті. С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және түзету педагогикасы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының мамандары педагогика және психология бойынша ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарының басшылары, тәрбиешілері, дефектологтары мен психологтары үшін арнайы практикумдар, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын тұрақты негізде өткізеді. >>
19.05.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Университетте Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста директорлар кеңесінің, Басқарманың, Корпоративтік хатшының, Ішкі аудит қызметінің және Комплаенс – қызмет басшысының қызметіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданды. >>
19.05.2023 ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕ САЛДЫ 2023 жылы 16 мамырда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде студенттермен «Судағы қауіпсіздік ережелері» туралы кездесу өтті. >>
19.05.2023 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ Университетте оқу орыны түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараны Алтай ауданы әкімдігі және аудандық Білім бөлімі ұйымдастырды. Педагогикалық мамандық бітірушілеріне ауданның мектеп директорлары вакансиялар ұсыны, түйіндемелерді қабылдады. >>
18.05.2023 СТУДЕНТТЕРГЕ 400-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ Оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер үшін ары қарай ең маңызды қадам жұмысқа орналасу. Осы орайда Өскемен әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тамаша шара ұйымдастырды. >>
18.05.2023 «ҚҰҚЫҚ» БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Университетте жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында құқық бойынша аймақтық олимпиада өтті. Шара орта мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға арналған. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оны жасамауға шақыруды көздейді. >>
17.05.2023 «СЕРПІН – 2050: МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА» СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ Университетте «Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» студент жастармен кездесу шарасы өтті. Түркістан облысынан арнайы келген өкілдермен жүздесуге «Серпін» бағдарламасымен оқитын білім алушылар, Жоғары мектептер декандары және Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері қатысты. >>
16.05.2023 ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ–2023 ОЙЫНДАРЫНДА ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ Айшагүл Елеубаева 32-нші Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарына қатысып, бокстан әйелдер арасында үшінші орын алды. Спортшы Таиланд корольдігінің Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер сынына қатысты. >>
13.05.2023 «ЖЕҢІМПАЗ КУБОГІН» ИЕЛЕНУ НЕМЕСЕ «JASSTAR-2023» СТУДЕНТТЕР БАЙҚАУЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ Облыс орталығында кезекті ауқымды студенттер байқауы өтті. «JasStar-2023» шарасы - қала әкімдігімен ұйымдастырылған жоғары оқу орындары дарындарының басын қосқан өнер сыны. >>
12.05.2023 «ГЕОГРАФИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕРІ» АТТЫ ЖАҢА ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Б.Мамраев атындағы ғылыми кітапханасы «Қазақ Географиялық қоғамының Өскемен филиалының жазбалары» атты жаңа жинақтың тұсаукесерін өткізді. 2023 жылдың 17-нші шығарылымы «географияның заманауи мәселелері және Қазақстанның ғылыми мектептері» деп аталды. >>
11.05.2023 БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ Басқарма отырысында университеттің көктемгі емтихан сессиясын және қорытынды аттестаттауды өткізуге дайындығы талқыланды. >>
11.05.2023 «ТУҒАН ЖЕР. ТУҒАН ЕЛ. ТУҒАН ГЛОБАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ 2023 жылдың 4-5 мамырында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан тарихы, археология және өлкетану пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық онлайн пән олимпиадасы өтті. >>
11.05.2023 УНИВЕРСИТЕТ ҚОЛ КҮРЕСШІЛЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері армрестлингтен өткен Азия чемпионатында топ жарды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен сында оқу орнының білім алушылары Маргарита Шорманова, Николай Мрзагарайев, Руслан Байгукшинов өнер көрсетіп, ел даңқын асқақтатты. >>
11.05.2023 АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ПЕДАГОГ БІЛІМІН БАҒАЛАУ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҚАРАЛДЫ Педагогикалық мамандықтардың 4 курс білім алушыларының педагог білімін бағалау аралық қорытындылары, Академиялық комитеттер жұмысының, Жоғары бизнес және құқық мектебінің, Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялар қызметінің қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік еңбектері қаралып университет Ғылыми кеңесінің отырысына қарауға ұсынылды. >>