11.05.2023 СТУДЕНТТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН САНДЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ «Алтайтану» ҒЗО-да ашылған «Digital social research» зертханасы базасында «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантының иегері Антон Александрович Ивлев жүргізетін «Әлеуметтік процестерді талдауға арналған сандық бейнелеу құралдары» циклы бойынша алғашқы сабақ өтті. >>
10.05.2023 ИРКУТСК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ ӨТТІ Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Иркутск мемлекеттік университетінің әлеуметтану ғылымдарының докторы, ғылыми жұмыс және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Константин Григоричевтің үш күндік дәрісі өтті. Мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ету. >>
08.05.2023 ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҰОС АРДАГЕРІН КЕЛЕ ЖАТҚАН МЕРЕКЕ - ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінің белсенді студенттері жарты жыл бұрын ғана өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен Ұлы Отан соғысының ардагері, I дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері Светочева Анастасия Павловнаға барып, құттықтап қайтты. >>
08.05.2023 СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының екінші курс студенті Мағжан Шеризатов гір спортынан Азия-2023 чемпионатында жеңіске жетті. Биыл жарыс Қырғызстанда Бішкек қаласында өтті. >>
05.05.2023 БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ AMANZHOLOV UNIVERSITY ГРАНТТАРЫНА ИЕ БОЛДЫ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген жыл сайынғы игі дәстүр бойынша «Үміт» Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне университетте төрт жыл грантта білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды табыстайды. >>
05.05.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ ОҚУШЫЛАР ФЕСТИВАЛІНЕ 700-ДЕН АСТАМ ТАЛАПКЕР ҚАТЫСТЫ «Ертіс концерт» концерттік залында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шығыстың алтын қоры» атты оқушылар фестивалі өтті. Мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру, оқу орнымен таныстыру мақсатын көздеген шараға облыстың қала мен аудандарынан 700-ден аса оқушы қатысты. >>
03.05.2023 «БЕРЕЛ» БАСПАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫНА КӨП ЖЫЛҒЫ ЖӘНЕ ЖЕМІСТІ ЕҢБЕГІ ҮШІН ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кеңесінде оқу орны ректоры Мұхтар Төлеген университет қызметкері – «Берел» баспасының директоры Сараш Ислямоваға «NUR.KZ» республикалық баспа үйінің атынан көп жылдық және жемісті еңбегі үшін «Тұғыры биік тұлға» төсбелгісін және кітабын табыс етті. Кітапта университет қызметкерінің өмірбаяны туралы сыр шертетін мақала жарық көрген. >>
03.05.2023 ГЕРМАНИЯДАҒЫ КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІ ТОБЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ СТУДЕНТТЕРГЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобы» және «Варшава шарты әскерлерінің тобы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесу өтті. >>
03.05.2023 УНИВЕРСИТЕТ КЕЛБЕТІ: ЛЕНСТА АУБАКИРОВА Ленста Рақымжанқызы-ШҚО Құрметті азаматы,ҚР еңбек сіңірген ұстазы,еңбек ардагері. Ардагер ұстаз Ленста Рақымжанқызы өзінің талай жылғы қызметі мен мамандығына деген адалдығымен көпке үлгі. >>
02.05.2023 ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың орыс тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері жеке есепте және орыс тілінің грамматикасын білу бойынша номинацияда жеңіске жетті. Бұл жолы елдің ЖОО-дары арасында өткен пәндік олимпиада Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ұйымдастырылды. >>
02.05.2023 СТУДЕНТТЕР БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ Өскеменде екі күн бойы Шығыс Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының білім алушылары үшін жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. >>
02.05.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖҰМАШ УӘЛИЕВТІҢ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАСЫНА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ Өскемен педагогикалық институтының төртінші ректоры Жұмаш Кәрімұлы Уәлиевтің және оның әйелі Әсия Нұрғаяновна Богданованың туыстары марқұмдардың рухтарына тағзым етіп, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкеріне арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды. >>
28.04.2023 СЕРІК ТАЙБАҒАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ базасында «Білім берудегі көшбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. >>
28.04.2023 ӨСКЕМЕНДЕГІ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ӨЗ ҚОЛДАРЫМЕН ЭКО–ТІС ПАСТАСЫН ЖӘНЕ «СИҚЫРЛЫ» ТҰЗ ЖАСАДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер ерекше жобаларын таныстырып, қызықты шара өтті. >>