27.04.2023 СТУДЕНТТЕР ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА БІРҚАТАР ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ Семей, Павлодар, Талдықорған және Алматы қалаларында өткен ХV республикалық пәндік олимпиадада Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері бақ сынап, жеңімпаз атанды. >>
27.04.2023 УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫТУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ «Оқытудың және бағалаудың жаңа тәсілдері» оқу пәні аясында «Физика», «Физика-Информатика», «Информатика», «Дефектология», «Математика», «Математика-Физика» білім беру бағдарламаларының екінші курс студенттеріне қауымдастырылған профессор Г. Губайдуллина және академик Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапхананың оқу залының меңгерушісі Л.Ершова шығармашылық сессия форматында сабақ өткізді. >>
26.04.2023 УНИВЕРСИТЕТТІҢ «БЕРЕЛ» БАСПАСЫ «БАСПА СӨЗІНІҢ САЛОНЫ» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Берел» баспасы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өткен «Баспа сөзінің салоны» атты көрмеге қатысып, өз кітаптарын көрмеге қойды. >>
26.04.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАУ АУҚЫМДЫ БИ КЕШІМЕН АЯҚТАЛДЫ Amanzholov University алаңы студенттер үшін мерекелік көңіл-күй сыйлаған үлкен би алаңына айналды. >>
25.04.2023 СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы университетінде өңір тұрғындары үшін Наурыз мерекесі ұйымдастырылды. Студенттер мен қонақтар үшін 10 қазанда бір тонна палау дайындалып, киіз үйлерде 500 литр наурыз көже құйылып, бірнеше мың ыстық әрі дәмді бауырсақ әзірленді. >>
24.04.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері «Педагогикалық идеялар – бастауыш білім беру сапасының негізі» атты XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадада бірінші орын алып, өңірлік және ұлттық университеттер арасында үздік атанды. >>
24.04.2023 «АЛТАЙТАНУ» ҒЗО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ UNIVERSITÉ DE PARIS ДЕМОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Қалалық қазақтардың репродуктивті мінез-құлқының өңірлік ерекшеліктері: үрдістер мен перспективалар» гранттық жобасын іске асыру барысында ШҚУ қызметкерлері Université de Paris демография институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. Аталған оқу орны – әлемдегі ең көне жоғары оқу орындарының бірі. XIII ғасырда-ақ Париж университеті алғашқы еуропалық колледждердің негізін қалаушылардың бірі болды. Осы күнде бұл университет әлемге Сорбонна деген атпен әйгілі. Бірнеше ғасырлар бойы Париж университеті әлемдік ғылымның орталығы болды. 1968 жылдан бастап Сорбонна 13 тәуелсіз университеттен тұрады. Олардың әрқайсысы өзінің жетістіктері мен оқу бағдарламаларымен танымал. >>
24.04.2023 ӘСКЕРИ КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 105 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ Асубұлақ кентінің орта мектебінде Ұлан ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық Қаһарманы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы-партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына арналған шара өтті. >>
21.04.2023 ИНКЛЮЗИВТІ ТӘЖІРИБЕ САЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Инклюзивті тәжірибе саласындағы практикалық сұраныстан ғылыми зерттеулерге» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. >>
21.04.2023 ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАР Отан қорғаушылар күніне орай Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «AMANAT» партиясының жастар қанатымен ұйымдастырылған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. >>
21.04.2023 «СТУДЕНТТЕР КӨКТЕМІ – 2023» ГАЛА-КОНЦЕРТ ФИНАЛЫ ӨТТІ Жыл сайынғы «Студенттер көктемі – 2023» жастар шығармашылық байқауы аяқталды. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері екі күн бойы көрермендерді қуантып, өз Жоғары мектептерінің намысын қорғады. >>
20.04.2023 СТУДЕНТТЕРГЕ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ 2022-2023 оқу жылының кезекті емтихан сессиясы қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ комплаенс-офицері Гүлмира Төлеубекқызы Байркенованың бастамасымен Жоғары мектеп студенттерімен онлайн кездесулер өтті. >>
20.04.2023 «СТУДЕНТТЕР КӨКТЕМІ» - 2023 БАЙҚАУЫ. ЕКІНШІ КҮН «Студенттер көктемі» жалынды жастар үшін жылдың ең маңызды шарасы. Ән мен би, әзіл мен өлең өрілген нағыз өнерпаздардың бәсекесі. Бірінші күні Педагогика, Бизнес және құқық, сондай-ақ ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектептері өнер көрсеткен еді. Байқаудың екінші күні Жоғарғы колледж бен Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері өз шығармашылығын ұсынды. >>
19.04.2023 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушылары, профессор Н.Завалко, доцент С.Сахариева және қауымдастырылған профессор Н.Радченко «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының бакалавриат және магистратура білім алушыларымен «Ғылыми workshop» форматында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді. >>