Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылғы 9 сәуірде 2018-2020 жылдарға арналған қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды.
Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың келесі басым бағыттары бойынша өткізіледі:
Конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kzсайтында орналыстырған.
Жауапты тұлға Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің бас сарапшысы А.Қ. Өскенбаев болып табылады, телефоны
8 (7172) 55-59-73.
Конкурстық құжаттама және өтінім даярлау мәселелері бойынша түсініктемені мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 55-59-73, 55-59-31.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz)ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі нөмерлері 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 231, 232, 233, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 18.30 дейін.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылған қажетті құжаттар конвертпен (оның беттік жағында тиісті орында: жолдаушының мекен-жайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А. Ә., конкурстың, ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының атауы көрсетіледі), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласы 010000, Кенесары көшесі 36, қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағыт 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күнненбастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарастырылады.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ