- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, оператор – «Ғылым Қоры» АҚ, 2018 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Ғылым Қоры» АҚ (www.science-fund.kz) сайттарында орналастырылған. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша кеңесті келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 76-85-78; 26-63-59, e-mail: [email protected]
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша кеңес беруші оператор өкілдері, «Ғылым қоры» АҚ-ның жобалар үйлестірушілері – Кәрімқызы Бекзат, Темиров Ерлан және Сапарова Шолпан.
Байланыс деректері: , ; электронды пошта: .
Өтінімдер 2018 жылдың 18 маусымынан 1 тамызына дейін қабылданады.
Конкурстық өтінімдер www.e-cloud.asia сайтындағы электронды өтінімдерді қабылдау жүйесі арқылы қабылданады.
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі