2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) 2019 жылы 27 маусымда жарияланған, 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты 2019 жылдың 22 тамызына, сағат 18:30-ға дейін ұзартуы жөнінде хабарлайды.
Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ www.edu.gov.kz және Ғылым комитетінің www.sc.edu.gov.kz ресми сайттарында орналастырылған.
http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=12076&#
Ресми интернет-ресурс Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі