2019 жылдың 21 ақпанда, 16.00-де, №1 оқу ғимараты, 111 ауд. Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдерінің қатысуымен ППжМ факультетінің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша 3 және 4 курста оқып жатқан студенттерімен кездесу өтеді. Кездесу аясында халықты жұмыспен қамту орталықтың өкілдері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқуды бітірген түлектерге әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып береді.
Сонымен қатар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша 2019 жылы оқуды бітіретін студенттерге
түлектерді жұмысқа жіберу, өзін-өзі жұмысқа орналастыру және жұмыс істеу міндеттемесінен босату туралы ережелер түсіндіріледі.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы