- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ойынға Астана, Қызылорда, Павлодар, Зайсан, Семей, Өскемен қалаларының командалары қатысады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында жастар арасында «25 қайырымды іс» акциясы басталған болатын. Осы жолғы Шығыс Республикалық лигасының ½ финалдық ойындары аталған акция аясында қайырымдылық акциясы ретінде ұйымдастырылмақ.
Ойыннан түскен барлық қаражат бұрынғы «Жайдарман» ойындарының белсенді ойыншысы Аубакирова Перизат Мұратбекқызының емделуіне жұмсалады. Перизаттың диагнозы Оптикомиелит-жүйке жүйесінің ауруы. Ем Израиль мемлекетінде өтеді.
Сіздерді 2016 жылғы қазан айының 22 күні өтетін Республикалық «Жайдарман» ойындарына шақырамыз.
Өтетін күні: 22 қазан.
Өтетін уақыты: 18.00.
Өтетін орны: Металлургтер мәдениет сарайы.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ