- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – дың Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, Журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен қала, аудан, облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында 5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша «Болашақ журналист» атты пән олимпиадасы өткізіледі.
«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – дағы оқушылар олимпиадасы туралы ережесіне» сай қатысушылар:
- 2016 ж. 22 қарашасына дейін көрсетілген электронды адреске төмендегі үлгіге сай, олимпиадаға қатысу өтінімін жібереді.
- олимпиада 2016 жылдың 24 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – дың №1 ғимаратында өткізіледі.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру...» Үй тапсырмасы: «Мен болашақ журналистпін» тақырыбында презентация қорғау (5 минут).
2. «Жас публицист» – берілген тақырып бойынша эссе жазады;
3. «Дода» (оқушылардың шаршы топ алдында шешен сөйлеу қабілеті, ой ұшқырлығы мен тереңдігі, эрудициясы, көпшілік алдында өзін ұстауы сынға түседі) 3 мин.
Бағалау шарттары:
1. «Таныстыру...» кезеңі – 20 балл.
2. «Жас публицист» кезеңі – 50 балл.
3. «Дода» кезеңі – 20 балл.
Қатысушы жинайтын максималды балл – 100 балл.
Олимпиаданың өтетін күні: 24 қараша.
Өткізу орны: Өскемен қ-сы, 30 Гвардиялық дивизияшылар к-сі, 34 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, 335 кабинет. Байланыс телефондары: 8 77869078 07, 8 7777930427.
8.30 - 9.00 – олимпиада қатысушыларын тіркеу;
9.00 – 9.30 – олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі;
9.30 – 13.00 – олимпиаданың екінші туры;
13.00 - 14.00 – қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау және олимпиаданың салтанатты жабылуы.
Өтінімді толтыру үлгісі:
|
Р/с |
Оқушының аты-жөні |
Мектебі |
Мекенжайы, байланыс телефоны, эл.адресі |
|
|
|
|
|