- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтетін пікірталас сайысының тақырыбы: «Үш тілді білу – табысты өмірдің жолы»
Күні: 25 қараша.
Сағат: 15:00.
Өтетін орны: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы, Тоқтаров көшесі, 47
Ұйымдастырушылар: Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы
Қатысушылар: ШҚО ҚХА мүшелері, ШҚО ҚХА ғылыми сараптамалық тобы, Жастар лигасының мүшелері, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктерінің белсенділері, Жоғарғы оқу орандардың студеттері.
Мақсаты: Мемлекет басшысының бастамаларын мемлекетік тіл және үш тұғырлы тіл саясатын насихаттау.Ұлттық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған этникалық саясат мәселелеріне жастарды тарту.
Қысқаша ақпарат: 2015 жылдан бастап ШҚО ҚХА ғылыми сараптамалық тобы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жастар арасында үш тілде болатын пікір сайыстарды тұрақты өткізіп келе жатыр. Пікірталас байқауына қаламыздағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Қазақстан – Америкалық еркін университетінің командалары өзара сайысқа түсетін болады. Қатысушылар берілген тақырыпқа байланысты өз пікірлерін үш тілде білдіреді. Дебаттың ерекше форматы жастардың қызығушылығын оята түсті.
Байланыс телефондары: 8 7029061527, 26-03-61.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы ШҚО