5 қазан күні А.С. Пушкин атындағы орталық кітапхананың конференц-залында Өскемен қаласының жастары қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпаковамен кездеседі.
Кездесу барысында О. Рыпакова жастармен әңгімелесіп, армандар орындалып, жеңіске жету үшін не істеу керектігі жөнінде ой бөліседі. Сонымен қатар, аталмыш шараға Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев, Жастар Орталықтарының өкілдері қатысады.
Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада қола медальге ие болып, еліміздің туын көкке көтерген болатын.