- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2021 жылдың 27 мамырында «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Академик Зәки Ахметов және ұлттық руханият мәселелері» атты онлайн режимде республикалық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың және Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зәки Ахметовтің ғылыми мұрасын насихаттау.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері шақырылады.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.
Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 15 мамырына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:
Өткізу уақыты мен орны
Пленарлық отырыс 2021 жылдың 27 мамыры күні сағ. 15.00-де оффлайн және онлайн режимде Өскемен қ., Қазақстан к-сі., 55 мекен-жайы бойынша орналасқан «Рухани Жаңғыру» мәжіліс залында өткізіледі.
Конференция идентификаторы: 868 1559 0756
Кіру коды: 034336
Конференцияға жауаптылар:
Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 8(7232) 540-311.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті қазақ, орыс және журналистика кафедрасынан: ф.ғ.д., профессор Картаева Айжан Маратбекқызы, ұялы тел.: 8 777 417 34 52.
Мақаланы рәсімдеу талаптары:
Мақалаларды, көлемі 5-6 беттен аспайтын суреттермен қоса компьютерлік терімдегі материалдар, А4 (210-297 мм) форматындағы парақтарда және электрондық нұсқада және төлем туралы түбіртектің көшірмесімен бірге ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберу керек. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Қасымов ЕҰУ мақала, Қасымов ЕҰУ төлемақы. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman әріптерімен негізгі мәтін - 14 кегльде, 1,0 аралық интервалда, азат жол - 1,25 см өлшемді сақтай отырып, ені бойынша тураланып теріледі. Суреттермен қоса алғанда мәтін келесі форматта орналасуы тиіс: сол жақ жиегі - 20 мм, оң жақ жиегі - 20 мм, жоғарғы және төменгі жиектер – 25 мм. Қойылған суреттер жоғары сапалы болып, беттің ортасы бойынша туралануы тиіс. Сурет пен формулалар астындағы жазбалар: орталықта (центр), кегль - 12.
Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін бас әріптермен -авторлардың тeгi мен инициалдары, келесі жолда кіші әріптермен - жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы, бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып - баяндама мәтіні көрсетіледі.
Баяндама материалдары толықтай талапқа сай редакцияланған болуы тиіс. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
