- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
24 ақпанда, сағат 14:00-де Орталық қалалық кітапхананың (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) қонақжай бөлмесінде актер, Bookdating атты жаңа идеялық жобаның авторы Әнуар Нұрпейісовпен қашықтықтағы (онлайн) кездесуге шақырамыз!
Кездесу барысында Әнуар өзінің кітапқұмарларға арналған «Bookdating» атты жаңа идеялық жобасы және өзінің актерлік жолындағы қызықтары туралы да айтып беретін болады. Сонымен бірге, сіздер бұл кездесу кезінде кітапқа деген махаббаты арқылы жетістіктерге жетіп жүрген әр салада істейтін жерлес жастарымызбен де кездесесіздер.
Сіздер бұл кездесуде күтпеген тосын сыйларға да ие боласыздар! Келіңіздер, Сіздер үшін керемет қызықты кездесу болады! Біз Сіздерді қуана қарсы аламыз!
Мекен-жайымыз: Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Қызығушылықтарыңыз болса хабарласыңыздар.
Телефондарымыз: 25-17-70, 87074949883.
Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана